Түркістан
EN

Депутат әлеуметтік желіде қазақ елін балағаттағандарды жауапқа тартуды ұсынды

137
06.12.2023

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров әлеуметтік желіде қазақ елін балағаттағандарды жауапқа тартуды ұсынды. Оның сөзінше, қазір желіде оттайтындар мен боқтайтындар көбейіп кетті. Оған дәлел, таяуда Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғыны әлеуметтік желіде аузына келгенін айтып, бүкіл қазақ еліне, тіпті Президентімізге тіл тигізген видеосы тараған еді. Кейін дәл сол азаматтың кешірім сұраған видеосы жарияланды. Осы жағдайдан кейін Түркістан облыстық полиция департаменті әлеуметтік желіге мониторинг жүргізіп, Сайрам ауданы тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғады.