Түркістан
EN

Құранның 30 парасын жатқа айтқан 18 жасар қари көлік ұтып алды

117
14.10.2021

Қасиетті құранның отыз парасын жатқа айтқан  18 жасар Әлібек Жалилов  темір тұлпар тізгіндеді. Шымкенттік жігіт бас жүлдеге тігілген MITSUBISHI автокөлігін иеленді.  Осымен оныншы мәрте ұйымдастырылған сайысқа еліміздің барлық  өңірінен жасы отызға дейінгі жетпіс бес қари қатысты.  Олар Құранда отыз, жиырма және он параны жатқа оқу және мәнерлеп оқудан бақ сынады. Екі күнге созылған сайыста хафиздердің Құран Кәрімді жаңылмай жатқа оқуына, Құран аяттарын тәпсірлеуіне және мақамы мен дауысына ерекше мән берілді. Қазылар мықтыны анықтау қиын болғанындығын айтады. 9 жасар Нұртілеу есімді қари 20 параға қатысып 1  орынға ие болды.