Енді шалғай ауыл аймақтағы жолдардың сапасы түгел тексеріледі. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Түркістан халқымен кездесу барысында мәлімдеді. Бұл іске Ұлттық сапа орталығы жауапты болмақ. Бұған дейін бұл мекеме тек Республикалық маңызы бар тасжолдарды тексеретін. Ұлытаудан арнайы жеңіл көлікпен облысқа келген министр жол саласындағы біраз мәселені көзімен көріп келген екен. Толығырақ Әлия Мұхтарқызы тарқатып айтады.