Жүрек қан тамырлары ауруы бүгінде өте жиі кездесетін кеселдің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлемде жыл сайын 18 миллионнан аса адам, ал республикада жыл сайын 40 мыңнан астам адам түрлі жүрек ауруларынан қайтыс болады. Осы орайда ерте диагноз қою мен науқастарды дер кезінде емдеу өте маңызды,- дейді мамандар.