Алматыда әр өңірдің журналистері бас қосқан ірі медиа форум өтті. 2-4 желтоқсан аралығында үш күнге созылған форум аясында "Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер" тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Онда қатысушылар бейнематериалдар арқылы берілген психологиялық тапсырмаларды талдап, топтық және жеке жұмыстарды орындады. Одан бөлек, заман ағымына сай сұранысқа ие технология - жасанды интеллектпен жұмыс істеу, тәжірибеге енгізуді үйренді.