Қытайда респираторлық аурулар таралып жатыр. Аспан асты елі ақпарат құралдарының хабарлауынша, көптеген аурухана науқасқа толы және олардың көпшілігі – кішкентай балалар. Сондықтан да, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайға респираторлық аурулар мен балалардағы пневмонияның өршуі туралы толық ақпарат алу үшін ресми сұрау жіберген еді. Ал Қытай бұл ауру микоплазмалық пневмония, RSV, аденовирус және тұмаудан туындаған инфекциялардың жиынтығынан өршіді деген пікірде. Белгісіз вирус кезінде қалтырау, дене қызуы көтеріліп, өкпеде түйіндер пайда болады, бірақ қатты жөтел болмайды. Ел билігі жұқпалы инфекцияның тарауын тоқтату үшін вирустың неден шыққанын анықтауда.