Түркістан
EN

Астанада бір түнде 63 жол-көлік оқиғасы болған

91
05.12.2023

Елордалық Полиция департаментінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана жолдарында 1 түнде 63 жол-көлік оқиғасы болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы толық мәлімет жоқ. Алайда ауа райының нашарлауына және жолдардың жабылуына байланысты, қала маңына қатынайтын барлық бағдар қозғалысы уақытша тоқтатылған. Оған қоса студенттер мен мектеп оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды. Полицейлер жүргізушілерден жолда өте сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, көлікті кенет тежеуді болдырмауды және қашықтықты сақтауды сұрайды.