Түркістан
EN

Қазақстанда 240 мың волонтер бар

99
04.12.2023

Елдегі еріктілер қозғалысының қатары жыл сайын толыға түсуде. Бүгінде аймақтарда 20 фронт кеңселер жұмыс істейді. Түркістанда халықаралық волонтерлер күні қарсаңында өткен жиында еріктілер қозғалысын дамыту тәжірибесі талқыланды. Отырыс барысында талқыға түскен түйіткілдер де жоқ емес. Мәселен, белсенділердің айтуынша, кей оқу орындары «еріктілерді» «еріккендермен» шатастырса, кейбір жастар ұйымына жиналып ой бөлісетін орта жетіспейді екен.