18 жыл бойы іздеуде болған Түркістан облысының тұрғыны табылды. Бұл туралы ІІМ интим сипаттағы қызмет көрсететін притондарға қатысты ауқымды тексеру шарасында белгілі болды. Ол 16 жасында ата-анасымен жанжалдасып, үйінен қашып кеткен. Содан бері жақындарынан мүлдем қол үзіп, тіпті хабар-ошарсыз кеткен келіншек Алматы, Шымкент қалаларындағы түрлі мекемелерде тазалаушы болып жұмыс істеген. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана Құлсары қаласына келген бетінде Түркістан облысының полиция департаменті рейд жүргізіп, сол кезде оның дерегі анықталған. Осылайша 18 жыл хабар-ошарсыз кеткен әйел отбасына қайта оралды. Алайда әзірге жеке басын куәландыратын құжат жоқ болғандықтан, ол полиция бақылауында болады.