Түркістан
EN

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдатылды

117
04.12.2023

Елімізде биылдан бастап зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдатылды. Енді заң бұзушылар 5 күннен 25 күнге дейін қамалады. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң әлемнің 155 елінде қабылданған. Оның қатарында Қазақстан да бар. Бұл туралы Орталық Азия елдерінің әйелдер форумында ашық талқыланды. Жиынға Қазақстан, Өзбекстан республикасы парламентінің төрағалары одан бөлек Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдерінің өкілдері қатысты. Биыл Қазақстанның бұл шарадағы төрағалығы аяқталды. "Бір жыл ішінде өңірлік алаңды институционалдық тұрғыдан нығайту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды", дейді мамандар. Енді төрағалық Қырғызстанға өтті.