Қаладағы Тұран шағын ауданында 1 млрд. теңгеге салынған кәріз құдықтары қирап жатыр. Құрылысы бітпей тұрып жарамсыз халге түскен нысан, тұрғындардың да құтын қашырған. Олар «Балаларымыз ойын үстінде шұңқырға құлап жазым болама?» деп алаңдайды. Жұрттың сөзінше, жауапты сала мамандары «ертең реттейміз» дегеннен басқан дым бітірмей отыр. Оқиғаның анық-қанығын Алтынбек Әмит зерттеп көрді.