Түркістан
EN

Билет бағасын көтермеу үшін айыппұл салды

39
04.12.2023

Алматы соты Air Astana әуе компаниясына 876 миллион теңге айыппұл салып, билет бағасын көтермеуді міндеттеді. Өйткені компания жанар-жағармайдың үстеме ақысын қосып, билет бағасын көтерген.  Әрі ұшақ билеттерін ұшатын күні немесе таяу күндерде сатып алған кезде жолаушылардың барлық санатынан 3500 теңгеден 6500 теңгеге дейін жанармай алымын негізсіз алған. Солайша мақсаты мен қағидатын іс жүзінде өз қалауынша реттегені анықталды. Енді агенттік жанармай алымын алуды тоқтату бойынша заңнамаға түзету енгізбекші.