Елімізде соңғы екі аптада екі бала кәріз құдықтарына құлап қайтыс болды. Бірі күні кеше Түркістан облысын дүр сілкінткен 4 жасар бүлдіршіннің өлімі болса, енді бірі Қызылорда облысында тіркелген. Осыған орай, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеме жасап, ашық люктер үшін әкімдерді жазалауға шақырды. Себебі екі оқиғада да люктер өңір әкімдіктеріне тиесілі болған.