Биыл браконьерлер мемлекетке 13 млрд теңге шығын келтірген

156
01.12.2023 09:16

Биыл браконьерлер мемлекетке 13 млрд теңге шығын келтірген. Флора мен фауна объектілерін заңсыз алу фактілерін болдырмау мақсатында Ішкі істер министрлігі жыл сайын “Браконьер” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Оның нәтижесінде 100-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Үш мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар полицейлер аңшылардың қару-жараққа салғырт қарау және аң аулау ережелерін бұзу салдарынан жарақат алып қалатын жағдайлар да тіркелегенін айтады. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға, белгіленген аң аулау мен қаруды қауіпсіз пайдалану ережелерін бұзбауға шақырады.