Түркістан
EN

Алматыдағы өрт болған хостел заңсыз жұмыс істеп келген

123
30.11.2023

Алматыдағы өрт кезінде қаза тапқан азаматтардың жеке басы анықталды. Қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдіктер. Екеуі Ресей, екеуі Өзбекстан азаматы. Марқұмдардың дені жастар. Ең кішісі 15 жастағы Шымкент қаласының тумасы. Ал ең үлкені 1984 жылғы Қызылордалық азамат. Оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық істі Бас прокуратура қадағалайтын болды. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев хабарлады. Қазіргі анықталған деректер бойынша хостел заңсыз жұмыс істеген. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты әу баста дүкенге арналған. Ол – 457 шаршы метр. Бірақ жалға алушы оны хостелге айналдырып жіберген. Оның қолында тиісті құжаттары болмай шықты. Қазір хостелдегі өрттің шығу себептерін анықтау және оның салдарын жою үшін Үкіметтік комиссия құрылды.