Түркістан
EN

Қазақстанда 2000-ға жуық ауыл ауыз су жүйесіне мұқтаж

31
14.10.2021

Қазақстанда екі мыңға жуық ауыл ауыз суға мұқтаж. Биыл солардың тек 368 ғана тіршілік нәрімен қамтылады. Әсіресе, Қостанай, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Жамбыл облыстарындағы ауылдардың ауыз су мәселесі төмен деңгейде. Бұл туралы брифингте Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілдері хабарлады. Жалпы биыл сумен жабдықтау және су құбырларын жөндеуге 151 миллиард теңге бөлінсе, соның жартысын жуығы осы ауылды елді мекендерге бағытталған.