«Армандаған пәтеріме қолым жетті-ау»,- деп шаттанған түркістандықтардың қуанышы су сепкендей басылды! Облыс орталығында жаңадан бой көтерген «Сауран» тұрғын үй кешенінен мемлекеттік бағдарлама арқылы үй алғандар әділетсіздікке тап болдық дейді. Айтуларынша банк арқылы ақша жинап, конкурстан өткен олар өздері қалаған пәтерді таңдап, құжаттарын қолдарына алып қойған. Алайда пәтерді сату-сатып алу келісімшартын жасауға барған тұрғындарға үйлердің реттілігі өзгергенін бір-ақ хабарлаған. Яғни халықтың өз таңдаған пәтеріне қоныстануы енді екіталай болып тұр.