Түркістан облысы Сайрам ауданында күніне 45 тоннаға дейін күнбағыс майын шығаратын зауыт бар. Өндіріс орны жоғарғы сортты өнім әзірлейді. Тауарға қажеттті шикізат Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарынан жеткізіледі. Бүгінде кәсіпорын тауары Түркістан облысынан бөлек, Өзбекстан Тәжікстан Қытай нарығына экспортталады. Тақырыпты өндіріспен танысып қайтқан тілшіміз жалғастырсын.