"Samruk-Kazyna Trust" қоры Кентау қаласындағы арнаулы кәсіптік колледжге жедел саты орнатып берді. Үш қабатты ғимаратта ІІ-ІІІ топтағы мүгедек балалар білім алады. Сондықтан бұрындары оларға баспалдақпен жоғарғы қабатқа көтерілу қиынға соққан. Енді еш кедергісіз қалаған орнына барып, білім ала-алады. Толығырақ тілші тарқатсын.