Ясауи кесенесін жарып жібермекші болғандар кім? Тарихи ескерткіштің қауіпсіздігі енді қалай бақыланады? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыс әкімі Дархан Сатыбалдыға журналистер тарапынан осындай сұрақ қойылды. Сонымен қатар БАҚ өкілдері аймақтағы жұмыссыздық, қоғамдық қауіпсіздік, инфрақұрылым мен құрылыс саласындағы өзекті мәселелерге қатысты сауалдарын жолдады. Аймақ басшысы әр мәселені шешу жолында атқарылып жатқан жұмыстарды тізбектеп, шешу жолдарын егжей-тегжейлі баяндады.