Азық-түлік апта сайын қымбаттап, инфляция өсіп жатыр. Осылай деген Үкімет басшысы Асқар Мамин әлеуметтік тауарлар бағасын тізгіндеуді тапсырды. Әсіресе жұрт жиі тұтынатын қант, жұмыртқа, тауық пен сиыр етінің 10 пайызға қымбаттауы инфляцияның көтерілуіне әсер еткен.