Түркістан
EN

Қызылшаға қарсы жалпы иммундау басталды

70
29.11.2023

Шымкентте қызылшамен ауырғандар саны 6465 адамға жетті. Оның 5446-сы -14 жасқа толмаған балалар. Санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау департаментінің мәліметінше, қазір үш адам жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың екеуі - ересек, біреуі - үш жаста. Бүгінде 208 науқас жұқпалы аурулар емханасында қызмет алуда.  Денсаулық сақтау министрлігі халық арасында қызылша дертінің алдын алу мақсатында осы жылдың 6 қарашасынан бастап қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауды бастады.