Түркістан
EN

Қазақстандық оқушының ертегілер кітабы түркиялық балаларға таныстырылды

100
29.11.2023

8-сынып оқушысы Дінмұхаммед Нұрғалиұлының ертегілер кітабы түркиялық оқушыларға таныстырылды. БҰҰ арнайы жүлдесін жеңіп алған «Тақиялы құс» ертегісі түрік тіліне аударылып, Ыстанбұлдағы Абай атындағы мектептің оқушыларына таратылды. Ертегіде екі құстың басынан кешкен қызықты оқиғалары арқылы балаларға әлемдік экология мәселесі түсіндіріледі. Ыстанбұлдағы бас консулдықтың ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты - бауырлас екі елдің оқушыларын кітап арқылы жақындастыру. Оқушылармен кездесіп, сұрақтарына жауап берген жас автор жиын соңында балаларға қолтаңба үлестіріп, суретке түсті.