Мақта шаруашылықтарын дамыту мақсатында Түркістан облысында «Global Textile Solution», «Cotton Мақта» және «Tulpar Textile» жобалары жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, мақта бағасына экспорттық тәуелділікті 100 пайызға жоямыз. Орталық коммуникациялар қызметінде өңір басшысы осылай мәлімдеді. Сондай-ақ, облыс әкімі мақта дақылын рентабельділігі жоғары дәндік жүгері дақылдармен алмастыру мақсатында облыста «Жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдеу зауыты» жобасы жүзеге асырылып жатқанын айтты.