Түркістан
EN

Күкірт қышқылын өндіретін зауыт салынады

200
29.11.2023

Түркістан облысы өз алдына бөлінгенде негізгі өндіріс орындары Шымкент қаласы аумағында қалып қойды. Осыған байланысты, облыс бюджеті толықтай республикалық бюджет трансферттеріне тәуелді болып тұр, - деп атап өтті облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан облысының дамуы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Қазіргі таңда облыс өнеркәсібінің негізін тау-кен, яғни уран өндірісі құрайды. Сондықтан «ҚазАтомпром» ұлттық компаниясы Созақ ауданында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр деп мәлімдеді өңір басшысы Астанада жиналған ақпарат құралдары өкілдерінің алдында.