Түркістан
EN

Заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстары басталды

104
29.11.2023

Түркістан облысында заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстары басталды. Бұл тікелей облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауына алынған. Өйткені бұған дейін аудан халқымен кездесу барысында ауыл округтерін қоқыстан тазарту бойынша ұсыныс түскен еді. Осы орайда, Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылдық округі аумағында орналасқан 50 гектарға жуық заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстары басталды. Оған 5 техника жұмылдырылған. Тазалық жұмыстары желтоқсан айының бірінші онкүндігіне дейін жалғасады. Бұдан бөлек, құқық қорғау саласының мамандары тарапынан рейдтік шаралар жүргізіліп, айыппұлдар салынды.