Түркістан облысында балабақша қызметкері бес жасар баланы жертөлеге қамап қойған. Оқиға Түркістан облысының Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округіндегі «Ақ көгершін» балабақшасында болды. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы Нұрсұлтан Тошаев өзінің Facebook парақшасында видеомен бөлісті. Онда қаршадай бала қай жертөлеге қамағанын көрсетіп, қатты қорыққанын айтады. Бүлдіршіннің ата-анасы полицейлерге шағым түсіріп, қазір бұл іспен тәртіп сақшылары айналысып жатыр. Сондай-ақ білім бөлімінің психолог мамандары баламен жеке жұмыс