Түркістан облысындағы Төлеби ауданының оқушыларын жаңа автобуспен тасымалдауда. Бұл жағдай ата-аналар мен ұстаздардың уайымын азайтқан. Мектеп басшылығының айтуынша, бұған дейін балалар 4 шақырым жолмен жаяу жүріп келген көрінеді. Әсіресе жауын жауған уақытта мектепке жету мұң болатын дейді. Толығырақ Өркен Мырзабек тарқатады.