Қазақстан сүт өнімдерін молынан өндірсе де, нарық әлі күнге сырттан тасымалданатын тауарға тәуелді. Былтырдың өзінде елімізде 1 млн тоннадан астам сүт өнімі сатылса, соның 15 пайызы шетелден тасымалданған. Біз қашан өзімізді толық сүтпен қамтамасыз ете аламыз? Бүгін Түркістанда өткен «Ақ Алтын» халықаралық конференциясында осы мәселе талқыланды. Мамандар не дейді? Әлия Мұхтарқызы зерттеп көрді.