Түркістан
EN

Қызылша ауруы өршіп тұр: Премьер-министр тапсырма берді

101
28.11.2023

«Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулығына аса қауіп төндіреді. Сондықтан онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып күресуіміз қажет». Осылай деген Премьер-министр Әлихан Смайлов бүгінгі Үкімет отырысын қызылша ауруын талқылаудан бастады. Індетке қарсы күреске жергілікті әкімдер белсенді атсалысуы керектігін айтты. Оған қоса Үкімет басшысы екпе алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Айтуынша, мұндай қауіпті вируспен вакциналаудан өзге жолмен күресу мүмкін емес.