2025 жылдың соңына дейін елімізде 3,6 шақырым жол күрделі жөндеуден өтпек. Сондай-ақ ұзындығы 4,7 шақырым жол құрылысы жобасы іске асады. Осылайша 2030 жылға дейін барлық халықаралық автомобиль дәлізін жаңғырту жұмыстары аяқталады. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайылов хабарлады. Премьер-Министр жол сапасының нашарлығы тұрғындардың наразылығына себепші болып отырғанын айтады. Тек осы жылдың өзінде мемлекеттік органдарға автомобиль жолдарына қатысты 19 мыңнан астам арыз-шағым келіп түскен.