Қызылшамен ауырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 15 бала бар. Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндаған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осылай деді. Министрдің сөзінше, жыл басынан бері қауіпті кеселдің 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Тек қараша айында 6 мыңнан астам қазақстандық қызылша жұқтырған. Осыған орай ведомство басшысы желтоқсан айында елімізде 2-5 жастағы балаларды қызылшаға қарсы жаппай егу науқаны басталатынын мәлімдеді.