Түркістан облысында жыл басынан бері 373 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 9-ы жарақаттанған. Өйткені жер үйлерде өрт көп. Қарапайым ережелер сақталмайды. Жалпы жылыту маусымы басталғалы бері 112 жедел байланыс желісінен «Газ мұржаларын тексеріңіз» деген хабарлама бірнеше рет келген болар. Бұл ескертуге құлақ асқандар бар ма? Әлде әлі де сол баяғы «Құдай сақтасынмен» өзімізді ұшықтап жүрміз бе? Жалпы өрт болған жағдайда не істеу керек? Әріптесіміз Аружан Махмут анықтап көрді.