Түркістан облысы жылыту маусымына 100 пайыз дайын. Бұл туралы өңірлік энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары мәлімдеді. Асхат Бердіхановтың айтуынша, егер 5 күн қатарынан +8 градус ауа температурасы сақталғанда ғана жылу беріле бастайды. Айта кетейік, облыс көлемінде 597 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 93 пайызы жылыту маусымына дайын. Ал бюджеттік мекемелер мен әлеуметтік нысандардың дайындығы 100 пайыз. Дегенмен көмір тасымалдау жұмыстары әлі толығымен аяқталған жоқ дейді мамандар. Бүгінде облысқа қажетті 966 мың тонна көмірдің, тек 517 мыңы жеткізілген.