Елімізде қызылшаның таралуын болдырмау үшін қосымша жаппай иммундау шарасы басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. Иммундауға, бірінші кезекте, 6 мен 11 ай аралығындағы нәрестелер жатқызылды. Желтоқсан айынан 2 жастан бастап 4 жасқа дейін қызылшаға қарсы екпе алғанына қарамастан, иммундау өтпек. Сондай-ақ қызылшаға қарсы екпесі жоқ медицина қызметкерлерін де вакциналау жоспарланған. Айта кетейік, осыған дейін елімізде қызылша дертінің өршігендігін хабарлаған болатынбыз.