Түркістан
EN

Қазақстан мен Әзірбайжан президенттері Бакуде келіссөз жүргізді

117
24.11.2023

Әзірбайжанға жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев, әріптесі Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы дәстүрлі қонақжайлығы мен БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының алғашқы саммитін ұйымдастырғаны үшін Ильхам Әлиевке алғыс айта отырып, Бакуді «Каспий өңірінің інжу-маржаны», әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі деп атады. Президент орайлы сәтті пайдаланып, Ильхам Әлиев пен бауырлас Әзербайжан халқын халықаралық құқық және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сай елдің аумақтық тұтастығын сақтауға қол жеткізгенімен құттықтады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы өзара қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.