“Түркістан: Туризм, инвестиция, экономика”. Дәл қазір рухани шаһарда халықаралық форум өтіп жатыр. Іс-шара аясында ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, экспорт, логистика және IT-білім сияқты негізгі салалар бойынша талқылаулар жүргізіліп, іскерлік бағдарламалар ұсынылады. Және форум аясында келіссөздер жүргізіліп, жалпы құны 1 трлн теңгеден асатын 17 мемарандумға қол қою жоспарлануда. Маңызды шарада әріптесіміз Нұрдәулет Сыздық та жүр.