«Кентау кен байыту фабрикасы» талан-таражға түсуде. Әлеуметтік желіге таралған мына бейнежазбаларда белгісіз тұлға алып зауыттың станоктарын бұзып, темір қабылдау пункттеріне сатып жатыр,- деп мәлімдеген. Кейіпкердің сөзіне сенсек мекемені Түркия елінің жеке компаниясы инвестиция құямыз деп алып, темір бөлшектерді пайдасына жаратып елден тайып тұрмақшы екен. Алайда, зауыт басшылығы бұл ақпаратты жоққа шығаруда. Айтуларынша бейнежазба «Кен өндіру Фабрикасында» түсірілмеген. Мекемедегі әрбір құрал-жабдық қалалық әкімдік пен арнайы мамандардың бақылауында дейді.