Түркістан
EN

Инвестор мектеп салса игі

117
24.11.2023

20 миллионға халық саны жетті деп төбеміз көкке көтерілді. Қуандық. Мақтандық. Ал енді өрістеп бара жатқан демографиялық кестеге қарап, әлеуметтік мәселелерді ойлана бастадық. Ең маңыздысы мектеп пен аурухана деп айғақтадық. Алайда мұндағы жетіспеушілікті мемлекет бір өзі бірнеше жылда өтей алмасы анық. Сондықтан да, кәсіпкерлерге келіп жүгіндік. Жеке білім ордалары еліміздегі мектеп тапшылығын шешуге оң ықпал етері анық. Алайда олардың мемлекеттің мектепке деген жоспарын білмей, бала санына келгенде сан соғып жатқандығын көрдік. Осы орайда олқылықтың орнын толтырамыз деп облыстық әкімдікте кәсіпкерлер мен билік өкілдері бас қосты. Онда не айтылды? Қабылданған шешім қандай? Тілші баяндасын.