Мемлекет басшысы Минск қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты. Оның барысында Қазақстан Президенті қазіргі халықаралық ахуал күрт нашарлағанына тоқталып өтті. Еуразия құрлығындағы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жауапкершілігіне кіретін аймақ төңірегінде күрделі жағдай қалыптасқанын жеткізді. Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы қақтығыста тараптардың уақытша бітім жасау туралы соңғы келісімін құптайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ Президент әскери ынтымақтастыққа да назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Ұжымдық күштердің жедел әрекет ету мәселелеріне қатысты нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажет. Айта кетсем, келер жылы ұйымға Қазақстан төрағалық етеді. Президент біздің елдің қандай бағыттарға басымдық беретінін ашық айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар ұйымы, ТМД, Шанхай ынтамақтастық ұйымдарымен қауіпсіздік саласындағы ынтымақты арттыру керек деген пікірде.