Түркістан туралы әлемдік деңгейдегі фильм түсірілмек. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды оңтүстіктің тумасы, атақты режиссер Сергей Дворцевоймен кездесті. Ол шын оқиғаларға негізделген шытырман драма жанрындағы тарихи кинотуындыға шетел әртістері мен отандық жұлдыздарды қатыстырмақ. Фильм сценариі әзірге құпия. Дегенмен тарихи тұлғалардың біразы фильмнен көрініс таппақ. Туындының бөліктері Түркістан мен Қарнақта түсіріледі. Өңір басшысы еліміздің кинематография саласын дамытуға үлесін қосып жүрген кинорежиссерге шынайы алғысын білдірді. Тарихты дәріптеп, қаланы насихаттайтын бастамасына қолдау білдіретінін жеткізді. Сондай-ақ еңбек жолындағы жоспарларына сәттілік тіледі.