Прокуратура саласында маман тапшы. Бүгінде әділдікті ту еткен салаға жұмысқа тұру қиын. Десе де, мемлекет соңғы 2 жылда жас мамандарды бұл салаға тарту үшін жақсы жағдай жасады. Яғни, әр облыс прокуратурасында арнайы академия құрылды. Құқық, заң мамандығын бітірген студенттер осы академияға оқуға түсіп, 1 жыл білім алса жеткілікті. Тесттен өткендер еліміздің маман тапшы аумағына жұмысқа жіберіледі. Дәл осы мақсатта бүгін Түркістан облыстық прокуратурасы ашық есік күнін жариялады. Әдетте, бас сұғу қиын мекемеге Қазақ-түрік университетінің құқықтану мамандығының студенттері келді. Оларға облыстық мұражай мен тергеу бөлмесін таныстырып, болашақта заң саласында жұмыс істеуге шақырды.