Түркістан
EN

Алматыда Қазақстан халқы ассамблеясы журналистер клубының отырысы өтті

97
23.11.2023

Бүгін Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының кезекті отырысы өтіп жатыр. Іс-шараға еліміздің Ақпарат және мәдениет вице-министрі Қанат Ысқақов, Қазақстан халқы ассамблеясының инспекторы Құлжан Мұхтар және "Қоғамдық келісім" Республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Әлия Сапарова сондай-ақ танымал журналистер қатысты. Жиын барысында Түркістан облысы Қазақстан Халқы ассамблеясы Журналистер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек өңірдегі этносаралық қатынастарды нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Бұл орайда, Ақпарат және мәдениет вице-министрі Қанат Ысқақов Түркістан облысында этносаралық татулықты сақтау бағытындағы жұмыстарға оң бағасын берді. Еске сала кетейік, бірлікке үндеген шара 24 қарашаға дейін жалғасады.