Түркістан
EN

Қазақстан Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды

64
23.11.2023

Қазақстан дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің телеграм арнасында жазды. Құрамына 21 мемлекет кіретін Дүниежүзілік мұралар комитеті  ЮНЕСКО-ның аса маңызды әрі беделді басқарушы органы. Бұл Комитеттің нысандарды Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге және алып тастауға  айрықша құқығы бар – деді Ерлан Қарин. Айта кетсек, Қазақстанның кандидатурасын 118 мемлекет қолдады.