Санақтан онлайн өткендер саны 7 миллионнан асты. Түркістан облысы алда. Мұнда 913 мыңдай тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте мәлім болды. Облыс басшысы Ұлттық халық санақтың аса маңызды саяси науқан екенін айтып, жауапты тұлғаларға бұл бағыттағы жұмыстарды ширатуды тапсырды. 1 қазаннан бастап санақтың дәстүрлі жаппай үй үйді аралау кезеңі басталған еді. Онлайн санақтан өту уақыты 15 қазанға дейін болады. Бұл іске 2384 адам тартылып, 341 нұсқаушылық учаскілері ұйымдастырылған.