Түркістан
EN

Бас прокурор: Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қамау мерзімі ұзарды

94
23.11.2023

Елімізде жыл басынан бері 80 адам кісі өлтіргені, өлімге әкеп соқтырған ауыр зиян келтіргені үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал жылдың үшінші тоқсанында ғана 27 мың «отбасылық тиран» әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Астанада еліміздің прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Іс-шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі қатысты. Талқылау қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, сондай-ақ қоғамдық орындардағы қылмыстың алдын алуды күшейту бойынша бірқатар шаралар ұсынылды.