Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына іс-сапармен барды. Бірінші қызанақ жылыжайына бас сұқты. Жылына 6 мың тонна қызанақ өсіретін жылыжайда 170 адам жұмыс істеп жатыр. Одан соң Ақсукенттегі «Белсенді өмір сүру» орталығының ашылу салтанатына қатысты. Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлер сауықтыру шараларынан өте алады.