Түркістан
EN

Елімізде 200 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінен шығарылуы мүмкін

92
22.11.2023

Енді үй кезегіне тұру қиындай түседі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үй заңнамасына реформа жасалатынын мәлімдеді. Тіпті, бұған дейін баспана кезегінде тұрған 646 мың адамның 232 мыңы кезектен шығарылады. Оның 90 мыңында бұған дейін пәтерлері болған. Олар заң бойынша баспанадан үмітті бола алмайды. Тіпті бес жылдық мерзім аясында да оларға баспана беру мүмкін емес, дейді. Ал, 533 Қазақстанның азаматтығы жоқ, 91 мыңында тіркеу орны кезекте тұрған өңірмен сәйкес келмейді, 29 мың тіркеусіз және 15 600-і қайтыс болғандар. Қанат Шарлапаевтің сөзінше, қазіргі заңнамада баспана кезегінде заңды тұрғандарды түгендеу жылына бір рет қана жүргізіледі. Және бұл шара әр үш ай сайын жасалмақ.