Түркістан облысының дін қызметкерлерін аттестациялау басталды. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының наиб мүфтиі Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы бастаған арнайы комиссия мүшелері облыстық орталық мешітте емтихан өткізеді. Олардың сауаттылығын арттырып, білімін шыңдап, біліктілігін көтеру басты мақсат. Одан бөлек, сынақта діни қызметкерлердің азаматтармен қарым-қатынас орнату тәртібі, сабырлық сақтауы, жалпы психологиялық ахуалы да назарға алынады.