Түркістан облысы, Сауран ауданында жиһаздың 160 түрін шығаратын кәсіпорын бар. Шорнақтық кәсіпкердің өніміне еліміздің барлық өңірінен сұраныс жоғары. Икбол Абишов 16 жылдан бері осы істі қолға алған. Бүгінде кішкентай ғана жазғы үйден басталған кәсібі үлкен цехқа айналыпты.